Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында Республика күні қарсаңында «Тәуелсіз ел – тірегім!» атты мерекелік тәрбие шарасы өтті.
Шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру.
Шара барысында 4 «Д» сынып оқушылары Отан туралы жүрек тебірентер өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жайында мағлұмат беріп, танымдық сұрақтар аясында білімдерін ортаға салды.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жауапты мұғалімдер:
Казангапова Ш. А.,
Истай М. И.