«Тіл қазына-әдебиет мұра» интеллектуалды сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар ана тіліміздің байлығы мен төл әдебиетіміздің құндылықтары төңірегінде өздерінің терең білімдерін паш етті. Бұл шара оқушыларды бірлікке, тапқырлыққа баулып, олардың шығармашылыққа , ана тілін меңгеруге деген ынтасын арттырды және пәнге деген қызығушылықтарын жаңа деңгейге көтерді. Сайыс соңында озып шыққан жеңімпаздар лайықты марапатқа ие болды!