Цифрлық ресурстар мен онлайн платформалар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары

19.10.2026 ж. қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында жас мамандарға арналған «Цифрлық ресурстар мен онлайн платформалар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабақтың басты мақсаты – заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, білім беру үдерісін жандандыру және жас мамандардың цифрлық құзыреттілігін дамыту.
Шеберлік сабақ барысында жас мамандар теориямен ғана шектелмей, тәжірибе жүзінде жұмыс жасап, Mugalim.tech, Telly.kz, Bilim-plus.kz,  Gemini сынды түрлі цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін меңгерді. 
Қатысушылар аталған платформаларда өз бетінше жұмыс жасап, практикалық тапсырмалар құрастырды. Бұл тәжірибе жас мамандарға цифрлық ресурстарды сабақта тиімді қолданудың жаңа жолдарын ашып, шығармашылық ізденістеріне серпін берді. Жауапты: Есмаганбетова А.А.