Мектебімізде үлкен серпіліспен өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының салтанатты жабылуы және 25 қазан — Республика күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті! ✨
Апталық бойы оқушыларымыз ана тіліміздің қадір-қасиетін ұлықтап, түрлі сайыстарда, шығармашылық кештер мен ашық сабақтарда өз білімдерін паш етті. Ал бүгінгі қорытынды кеш егемендігіміздің басты мерекесі — Республика күнімен ұштасып, нағыз патриоттық рухтың алаңына айналды.Сахнада қазақтың күмбірлеген күйі төгіліп, ән айтылып, жалынды жырлар оқылды. Мың бұралған бишілер өз өнерлерін көрсетті. Мектебіміздің белсенді өрендері мен апталық барысында үздік шыққан жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, еліміздің көк туын көкте желбірету — әрбір жастың міндеті. Мереке құтты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, тіліміз ғұмырлы болғай! 🏛️💙



