BILIM QAZYNA

2026 жылдың   13 сәуірі  күні «BILIM QAZYNA» КММ және #9 ОМГ жоспарына сәйкес  Абай шығармашылығы мен философиялық мұрасы туралы білімді тереңдету мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері педагогтері арасында “Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары “ ой додасы интеллектуалды ойын сайысы өтті.

Аталған сайысқа #37 ОМ ,#35 ОМ,#51 МГ , # 56 орта мектебі педагогтерінен құралған 4 команда қатысты.

Сайыс 6 турдан құрылған:

1-тур:Дерек пен дәйек(Абай өмірі ,шығармашылығы туралы блиц-сұрақтар)

2-тур:Ғақлия (Абайдың қара сөздері)

3-тур:Кейіпкерлер галереясы(Абай жолы роман -эпопеясы негізінде)

4-тур:Құлақтан кіріп бойды алар.(Медиа-тур)

5-тур:Қазақтың қара өлеңі-қасиетім (Абай өлеңдері ,аудармалары)

6-тур:Білімдіден шыққан сөз.

Топтық сайыста педагогтер ерекше белсенділік танытып ,әр турды әділ қазылар алқасы бағалап,

жүлдегер команда марапатталды.

Интеллектуалды сайысқа қатысушы команда мүшелеріне белсенділігі үшін Алғыс хат тапсырылды.